Алматы облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

«ҚазАвтоЖолдың» Алматы облысындағы филиалы бүгін сағат 10:30-да таратқан хабарламаға сәйкес, қатты боран салдарынан жолда ештеңе көрінбеуіне байланысты Үшарал – Достық (Көктума ауылы – Достық станциясы, 84-184-ші шақырым) республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қатты бораннан жол көрінбей қалған.

Бұған дейін Қазақстанда аяз күшейетінін хабарлаған болатынбыз.

 

Back to top button