Әлемдегі ең қарт адам жапондық Канэ Танака 118 жасқа толған күнін атап өтті. Ол 1903 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Танака 2018 жылдан бастап Жер планетасының ең қарт тұрғыны саналады, – деп жазады Известия басылымы. Өткен жылдың қараша айында «Маинити» газеті Танаканың 2021 жылы мамыр айында Токиода өтетін Олимпиада алауының эстафетасына қатысатынын мәлімдеген болатын. 11 мамыр күні өтетін аталған іс-шарада мүгедектер арбасына таңылған қарт 200 метр қашықтықты жүріп өтеді деп жоспарланып отыр.
Жүктелуде...