«Әлем аруы – 2021» байқауына еліміздің атынан кім қатысатыны белгілі болды

Пандемияға байланысты 2020 жылы «Қазақстан аруы» байқауы кейінге қалдырылған еді. Енді ұйымдастырушылар халықаралық байқауда ел намысын қорғайтын бойжеткеннің есімін атады.

Олардың айтуынша, «Әлем аруы – 2021» байқауына 18 жастағы Камилла Серікбай қатысады. Бүгінде ол Сүлеймен Демирел атындағы университетте құқық мамандығын оқып жатыр. Оның арманы – БҰҰ елшісі болу.

«Осы қиын кезеңде «Қызылорда аруы – 2019» байқауының жеңімпазы, 18 жастағы Камилла Серікбай жанашырлығымен әрі қамқор қасиетімен ерекшеленді. Сондықтан «Қазақстан аруы» байқауының дирекциясы Камиланы «Әлем аруы – 2021» байқауына жіберуге шешім қабылдады. Оның халықаралық сайыста ел намысын лайықты қорғап шығатынына сенімдіміз», – деп жазды «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушылары.

Back to top button