COVID-19: Теңіз кенішінде тағы 86 жұмысшыдан қауіпті вирус анықталды

COVID-19: Теңіз кенішінде тағы 86 жұмысшыдан қауіпті вирус анықталды

COVID-19: Теңіз кенішінде тағы 86 жұмысшыдан қауіпті вирус анықталды
ашық дереккөзі
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, өткен тәулікте 124 адамда коронавирус инфекциясы расталған. «Қауіпті дертке шалдыққан 29 науқас Атырау қаласынан анықталып отыр. Теңіз кенішінде медициналық тексеріс кезінде 86 жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 3, Қызылқоғада – 2, Мақатта – 2, Құрманғазы ауданында 2 адамнан Сovid-19 инфекциясы табылды. Коронавирустың симптомды түрі 16 науқаста бары белгілі болды», – деп хабарлады басқарма. Өткен тәулікте 103 адам коронавирустан емделіп шыққан. Үй жағдайында 286 адам емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда – 117, ал аудандардағы стационарларда – 31, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 574 адам ем қабылдап жатыр.