Хабиб өзінен UFC чемпиондық белбеуін тартып алуға қабілетті мықтыларды атады

Аралас жекпе-жек (MMA) шебері Хабиб Нурмагомедов өзінен UFC чемпиондық белбеуін тартып алуға қабілетті спортшыларды атады. Ол мықтылардың есімін «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында айтты. 

Ол қазіргі уақытта UFC-дегі ең мықты үш жеңіл салмақты спортшының тізімін жасады: ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор, американдық Дастин Порье және ресейлік Ислам Махачев.

Содан кейін Нурмагомедов өзінің белбеуін кім тартып алуы мүмкін деген сұраққа жауап берді: «Менің ойымша, Конор—Дастин жұбының жеңімпазы, бұл белбеу үшін күреседі. Алайда кімге қарсы шығатынын айту қиын».

Сондай-ақ, осы сұхбатында Хабиб UFC-ге оралу мүмкіндігі туралы айтты. Спортшының өзінше, промоушен оны қайтарғысы келеді, бірақ оны»таңғалдыру қиын».

Back to top button