Зауыт жұмыскерлерімен сұхбат: жұмыс бар, пәтерлер қажет!

Зауыт жұмыскерлерімен сұхбат: жұмыс бар, пәтерлер қажет!

Зауыт жұмыскерлерімен сұхбат: жұмыс бар, пәтерлер қажет!
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының Петропавл сайлауалды қалалық штабы мүшелерінің «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ ұжымының өкілдерімен кездесуі өтті. Zoom платформасында партия өкілдері  - депутаттыққа кандидат, Nur Otan партиясының Петропавл қалалық филиалы төрағасының орынбасары Кеңес Мұқышев және «Проспект СК» облыстық газетінің бас редакторы Юлия Пронина партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіріп, Елбасы алға қойған жаңа бағыттарға назар аударды. сұхбат Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысындағы басты бағыт - адамдардың мүдделері мен проблемалары болып табылатынын атап өтті. Мемлекет халық үні мен пікірін естуі қажет. Қалалық штабтың кезекті онлайн кездесуінің қатысушылары да осы айтылғандарды басшылыққа алды. Штаб басшысы Кеңес Мұқышев әр сайлаушы өзекті мәселелерін шешу үшін жүгіне алатын қоғамдық қабылдаудың жұмысы туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол партияның болашаққа жоспарланған бағыттары мен мақсаттары туралы айтып өтті. Мәселен, Петропавл қаласында 2025 жылға тағы 17 км жол жөндеу жоспарлануда, 5 балабақша, 2 медициналық амбулаторлық мекеме салынады. 22 мыңнан астам азамат жаңа көп қабатты үйлер салудың арқасында өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарта алады. Осының барлығы партия мүшелерімен әзірленген және орындауға қабылданған аумақтық бағдарламада көрсетілген. Юлия Пронина осы жыл кәсіпорын ұжымы үшін жаңа өндірісті енгізумен басталғанын атап өтті. Зауыт жұмыс істеп жатыр, тапсырыстар бар, осының арқасында адамдардың көңіл күйіжақсы. Бұл барлық тұрғындар үшін маңызды, осыған қолжеткізуге партия да ұмтылуда. Солтүстік Қазақстан облысының экономикасы біртіндеп аграрлықтан аграрлық – индустриалдыққа көшуде. Оған өнеркәсіптік әлеует бар. С.М. Киров атындағы зауыт – бұл «Қазақстан инжинирингҰК» АҚ құрамына кіретін мемлекеттік кәсіпорын. Зауыттың шығаратын өнім түрі әр түрлі. Бұл жерде көп қабатты баспа тақшасынжасау және SMD-элементтерін сыртқы монтаждау бойынша елдегі тұңғыш желі іске қосылды. Қазір СҚО барлық тұрмыстық техникада қолданылатын тақшалар жасалады. Ол бірегей көрініс ашады, кәсіпорынды бәсекеге қабілетті етеді. Қазақстандық брендпен компьютерлік техниканы жинау жұмысы қолға алынғанын атап өту қажет. Зауыт еліміздің өңірлеріне жеткізілетін 42 мың компьютер, ноутбук және планшет жасап шығарды. Облыстың ғана емес, еліміздің басқа да өңірлерінің білім беру мекемелері солтүстікқазақстандық зауыттың техникасын қолдануды қолға алды. ZIK компьютерлерін әзірлеу кезінде ҚР БҒМ талаптары ғана емес, балаларды онлайн оқытатын және бірге оқитын мұғалімдер мен ата-аналардың да талаптары ескерілді. СҚО компьютерлері мемлекеттік органдар мен министрліктерді қызықтыруда. Бұл бастамасы ғана. Келесі жылы кәсіпорында компьютерлік техника шығару үшін алаңы 3,2 мың ш.м. болатын жеке заманауи корпус салынатын болады, ол өндірістік қуаттылықты арттырады. Зауыт қызметкерлері жастарға арналғанкелешектегі және қолданыстағы тұрғын үй бағдарламалары туралы сұрақтар қойды. Партия мүшелері қазіргі жастар саясатының барлық басымдықтарын ашуға тырысты. Мәселен, Jas project аясында бөлінген қаражат арқасында, жастар түрлі қызмет саласындағы өз ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. 56 жоба іске асырылды. Әрқайсысына 1 миллион теңге бөлінді. Бұл болашақ кәсіпкерлік қызметке жақсы серпін. Партия мемлекет ашқан жұмыс орындарына орналасып қана қоймай, өздігінен әрекет етуге ниет білдіргенбастамашыл адамдарды ынталандырады.  Петропавл қаласында 2025 жылға дейін жастар үшін 2 мың жұмыс орны құрылатын болады. Жұмысы бар азаматтар тапқан табыстарын жеке тұрғын үй сатып алуға, отбасын құруға жұмсауды ойлайды. Ол үшін елде тұрғын үй бағдарламаларының бірнеше бағыттары бар. Партия мүшелері өз баспанасының болуын қалайтын кез-келген ниет білдірген азаматқа жеке кеңес беруге дайын. Кездесу соңында 10 қаңтар күні сайлауға келу және өз дауысын ел болашағы  - Nur Otan партиясына беру туралы айтылды.

 «Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді