Танымал әнші Алтынай Жорабаева күйеуімен некесін жаңартып, мәхрге су жаңа көлік сұрады. Ол өзінің Instagram əлеуметтік желісіндегі Stories бөлімінде былай деді: «Наконец-то! Некемізді жаңарттық, достар сүйінші. Алланың қалауымен некеміз қиылды. Неке бұрыннан бар, тек соны жаңарттық. Мәхр бұрын сұрап қойғанмын негізі. Бұл жолы салоннан көлік сұрадым. Бұрын əрине Алланың қалауымен, ата-анамыздың рұқсатымен некеміз болған еді. Алайда бүгін жаңартудың сəті түсіпті. Алла некемізді мəңгілік хайырлы етсін, жаным. Машинамды дайындай бер», – деп сөзін аяқтады. Биыл жазда екінші рет тұрмысқа шығып, қазіргі жолдасын елге таныстырған әнші жақында Түркиядан үй алғанын хабарлаған болатынбыз.
Жүктелуде...