Бразилия президенті Жаир Болсонару парашютпен секіруге бел буды. Бұл туралы ол Facebook парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. "Десанттық әскердегі өз қызметімнің жақсы кезеңдерін еске алғым келеді",- дейді 65 жастағы президент. Сонымен қатар, мемлекет басшысы "командалық рухты нығайту үшін" бірнеше министрді өз қатарына қосылуға шақырды. "Тимбилдинг" жұмысқа кедергі келтірмес үшін қаңтар-ақпан айларындағы демалыс күндерінің бірінде өтпек. Болсонару парашютпен секіру үшін ұшақ та таңдап қойды, ол - бразилиялық Embraer компаниясының әскери-көліктік KC-390 әуе кемесі.
Жүктелуде...