Құстарды қызықтауға шыққан азамат ойда-жоқта аста-төк байлықтың астында қалды

Құстарды қызықтауға шыққан азамат ойда-жоқта аста-төк байлықтың астында қалды

Құстарды қызықтауға шыққан азамат ойда-жоқта аста-төк байлықтың астында қалды
ашық дереккөзі
Құстарды қызықтау үшін серуенге шыққан ұлыбританиялық ойда-жоқта мол байлыққа кенелді. Ер адам тауып алған қазынаның құны - шамамен 800 мың фунт стерлинг (456 миллион теңге), деп хабарлайды РИА Новости. Ер адам құстарды бақылап жүріп, батпақтың арасынан "көне дискіге" ұқсас ерекше жылтыраған затқа көзі түскен. Мұны көрген ол металл іздеушіге жүгінген. "Көне диск" кельт қазынасына толы құмыра болып шығады. "Бұл сәтті мен ешқашан ұмытпаймын", - дейді мол дәулетке кенелген азамат. Құмыраның ішінен шамамен біздің дәуіріміздің 40-50 жылдары жасалған мыңға жуық монета табылған. Сарапшылар қазынаны тексеріп жатыр. Мамандардың бағалауынан кейін олжа иесі монеталарды музейге сата алады немесе өз қалауынша кәдеге жаратуға құқылы.