Дауыс берушілердің 58,1%-ы сайлауға қатысуға ниетті

Дауыс берушілердің 58,1%-ы сайлауға қатысуға ниетті

Дауыс берушілердің 58,1%-ы сайлауға қатысуға ниетті
ашық дереккөзі
246

Сайлау қарсаңында «Астана» телеарнасы «Астана-Зерттеу» қоғамдық қорына өз қаражаты есебінен әлеуметтік сауалнама өткізуге тапсырыс беріп, 10 мен 15 желтоқсан аралығында мамандар, халықтың электоралды көңіл-күйін зерттеді.

Сауалнамаға қатысушылар дайын қысқа сұрақтарға жауап берді.  Әлеуметтік зерттеуге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және республиканың 14 облысынан: 6 800 респондент қатысты. Іріктеу коэффициент қателігі шамамен 2,1 пайызды құрады.

«2021 жылғы 10 қаңтарда Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайламақ. Сіз бұл туралы білесіз бе?» деген сауалға, респонденттердің 65.4% «иә» деп жауап берген. Атап өтер ерекшелігі, қалаға қарағанда ауыл тұрғындарының басым бөлігі сайлау өтетіні туралы жақсы білетін болып шықты. Оның ішінде ер адамдар жақсы құлақтанған. Ал жас ерекшелігіне келсек, 46 жастан асқан азаматтар сайлау туралы ақпаратты жақсы білетінін көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары