Nur Otan-ның бастамасымен ауданның 6 мектебінде жөндеу жүргізілмек

Nur Otan-ның бастамасымен ауданның 6 мектебінде жөндеу жүргізілмек

Nur Otan-ның бастамасымен ауданның 6 мектебінде жөндеу жүргізілмек
ашық дереккөзі
Білім беру саласы партияның сайлауалды бағдарламасында толық қамтылған. Егеменді еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері білім беру саласына көп көңіл бөлді. Nur Otan партиясының басым міндеттерінің бірі – білім сапасын арттыру. Қазіргі таңда маңызды саяси науқанның алдында тұрмыз. Әрбір үміткер елеулі мәселенің шешім табуына атсалысып жүр.
Бұланды аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шахман Құсайынов «Есіктен есікке» акциясы аясында Макинск қаласының тұрғындарымен кездесіп, жылы сұхбат құрып, партияның сайлауалды міндеттеріне тоқталды. Басты міндеттің бірі – ауданның білім беру саласын дамыту. Шахман Байдүйсенұлының айтуынша Nur Otan партиясы білім беру сапасын арттыруға және білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгерткені рас.

Nur Otan партиясының алдағы уақыттағы міндеттері:

- 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды сақтау;

- педагогтардың 45%-ін жаңа аттестаттау жүйесімен қамту;

- ауданның 6 мектебіне күрделі жөндеу жүргізу;

- ауданның барлық 25 мемлекеттік мектебін кезең-кезеңімен химия, биология, физика кабинеттерімен жарақтандыру;

- бірінші сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету.

– Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз. Барлық бағытта ауқымды шаралар жасалмақ. Мәселен көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары бар. Осының бәрі ел игілігі үшін, – дейді үміткер Шахман Құсайынов. Халықпен бірге болып, мұң-мұқтажын тыңдап үйренген Шахман Байдүйсенұлы үшін әрбір жерлесімен кездесу еркін форматтағы ашық сұхбатқа айналады. Үміткер елдегі болып жатқан жақсылықтар жайында сөз қозғап, алар асуымыз алда деп жерлестерінің жүрегені шуақ ұялатты. Ең бастысы – тура бағыттан таймау.

Nur Otan партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.