Партияның қолдауымен Қонаев ауылында жаңа спорт кешені бой көтереді

Партияның қолдауымен Қонаев ауылында жаңа спорт кешені бой көтереді

Партияның қолдауымен Қонаев ауылында жаңа спорт кешені бой көтереді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясынан Шу аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Талғат Кокпанбаев пен Махаббат Сұлтанова және Малик Жумагулов Д.Қонаев ауылының тұрғындарымен кездесіп, оларғаүгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «Nur Otan» партиясы Шу бойынша сайлауалды бағдарламасында Д.Қонаев ауылына қатысты біршама игі бастамаларды қолға алу жоспарланған. Бұл орайда ауданда бұқаралық спортты дамыту үшін лайықты жағдай жасалмақ. Сол арқылы  спортпен тұрақты шұғылданатын тұрғындардың қатары артпақ. Бұл орайда «Nur Otan» партиясының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасына сай келесі жылы Шу қаласында стрит воркаут спорт алаңшасы, 2022 жылы Шу қаласына спортзал құрылысын, сондай-ақ, 2022 жылы Д.Қонаев ауылына спорт кешенінің құрылысын жүргізу жоспары енген. –Өңірлік сайлауалды бағдарламадағы тағы бір басымдық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі артып, қылмыс деңгейін қысқартуға бағытталған іс-шараларды күшейту  болып табылады. Сондықтанн «Nur Otan» партиясы аудан орталығы мен Д.Қонаев ауылына және Шу қаласына кемінде 10 бейнебақылау камерасын орнатуға ықпал етеді. Бұдан бөлек көшені жарықтандыру мен жол жөндеу жұмыстары да кезең-кезеңімен шешімін табады, – деді кандидат Т.Кокпанбаев. Өз кезегінде партияның сайлауалды бағдарламасының барлық басымдықтарымен танысқан ауыл ақсақалы Байдәулет Досымбаев пен көпбалалы ана Әскеркүл Мамбеткулова «Nur Otan» партиясының бағыты айқын партия екенін тілге тиек етіп, ауылдастарын дауысты дәл осы партияға беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.