Ердоған G20 саммитінде Гүленді қайтару мәселесін талқыламақшы

Ердоған G20 саммитінде Гүленді қайтару мәселесін талқыламақшы

Ердоған G20 саммитінде Гүленді қайтару мәселесін талқыламақшы
ашық дереккөзі
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрік оппозициялық қайраткері Фетхуллах Гүленді қайтару мәселесін АҚШ президенті Барак Обамамен "Үлкен жиырмалық" саммитінде талқылауды көздеп отыр. Саммит 4 қыркүйекте Қытайда өтеді.
Бұл туралы Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді. Вашингтон бұл мәлімдемеге әзірге жауап берген жоқ. 24 тамызда Анкараға барған АҚШ вице-президенті Джо Байден Құрама Штаттардың діни қайраткер Гүленге тағылған айыптардың қаншалықты дұрыстығын бағалау үшін Түркиямен әріптестік орнататынын мәлімдеген. Анкара АҚШ-та тұратын Гүленді биыл шілдеде Түркияда әскери төңкеріс жасауға талпынды деп айыптап отыр. Бұл айыптардың барлығын жоққа шығарған Гүлен кінәсін тәуелсіз сот дәлелдеген жағдайда ғана елге оралуға дайын екенін мәлімдеді.