Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылдық округінде жеке тұрғын үй ауласындағы құдыққа екі бала құлап кетті. Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 және 11 жасар екі жеткіншек - бір үйде тұратын ағайындылардың балалары. Қайғылы жағдай кеше 15:30 шамасында болған. «Ауыз су құдығының тереңдігі - 2 метр, 1,8 метр тереңдікте суы бар екен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған жағдайдың жай-жапсарын анықтап жатыр» делінген хабарламада.
Жүктелуде...