Қазақстандағы АҚШ елшісі қазақ әнін жатқа айтты (видео)

Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильям Мозер елшіліктің Facebook желісіндегі жеке парақшасында қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, сөз соңында МузАрт тобы орындайтын «Өз елім» әнінің бір шумағын жатқа айтты.

 

«Құрметті қазақстандықтар! Мен Президент Трамп пен мемлекеттік хатшы Помпеоға қосылып, сіздерді аса маңызды ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап 29 жыл бойы АҚШ-қа үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мереке құтты болсын! Өздеріңіз білетін МузАРТ орындайтын тамаша өлең жолдарын сіздерге арнаймын», – дейді дипломат видеоүндеуде.

Back to top button