Маңғыстауда волейболшы қыздарға қол көтерген бапкердің әрекеті желіні дүрліктірді (видео)

Маңғыстау облысында волейбол командасының бапкері өзі жаттықтыратын қыздарды басынан және бетінен ұрғаны анық көрінетін видео желіге таралды. Бұл туралы inaktau.kz сайты хабарлайды.

Белгілі болғандай, 14 желтоқсан күні Маңғыстау-5 ауылындағы спорт кешенінде волейболдан жарыс өткен. Осы жарысқа Жаңаөзеннен команда дайындап алып келген бапкер үзіліс кезінде жас волейболшыларға қол көтерген.

«Менің қызым басқа команда құрамында ойнайды. Жарыс барысында ол жаңаөзендік команда бапкерінің шәкірттерінің ұрып жатқанын көріп, видеоға түсіріп алды», – дейді басқа волейболшының анасы.

Қарсылас команда ойыншыларының видеоға түсіріп тұрғанын байқаған әлгі бапкер олардан түсірмеуін өтініп, түсірген видеоны ешқайда жарияламауын сұраған.

Back to top button