Маңғыстау облысында волейбол командасының бапкері өзі жаттықтыратын қыздарды басынан және бетінен ұрғаны анық көрінетін видео желіге таралды. Бұл туралы inaktau.kz сайты хабарлайды. Белгілі болғандай, 14 желтоқсан күні Маңғыстау-5 ауылындағы спорт кешенінде волейболдан жарыс өткен. Осы жарысқа Жаңаөзеннен команда дайындап алып келген бапкер үзіліс кезінде жас волейболшыларға қол көтерген. [video width="640" height="640" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2020/12/whatsapp-video-2020-12-15-at-16.52.58.mp4"][/video] «Менің қызым басқа команда құрамында ойнайды. Жарыс барысында ол жаңаөзендік команда бапкерінің шәкірттерінің ұрып жатқанын көріп, видеоға түсіріп алды», – дейді басқа волейболшының анасы. https://www.youtube.com/watch?v=IGo7-hCk0Jg Қарсылас команда ойыншыларының видеоға түсіріп тұрғанын байқаған әлгі бапкер олардан түсірмеуін өтініп, түсірген видеоны ешқайда жарияламауын сұраған.
Жүктелуде...