Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ақтауда жасөспірімдерді жаттықтырған бапкерді 14 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы lada.kz сайты хабарлады. Жасөспірімдерді карате-до спортына баулыған бапкерге кәмелетке толмаған, өзі жаттықтыратын спортшы қызды зорлау фактісі бойынша айып тағылып отыр. Жабық режимде өткен сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындамады.
Жүктелуде...