Түркістан облысында екі әйел газдан уланып көз жұмды. Қайғылы жағдай Жетісай ауданына қарасты Жылысу ауылында болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама 14 желтоқсан күні сағат 12:00-де түскен. «Жылысу ауылында 1970 жылы 1958 жылы туған 2 жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Көршілерінің айтуынша, үй иесі газды үнемдеу үшін мұржаны жартылай жауып қойған. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда», - деді департамент қызметкерлері.
Жүктелуде...