«Ауыл» партиясы «Шымкент Кашемир» жүн өңдеу зауытына барды

«Ауыл» партиясы «Шымкент Кашемир» жүн өңдеу зауытына барды

«Ауыл» партиясы «Шымкент Кашемир» жүн өңдеу зауытына барды
ашық дереккөзі
ҚР Парламент Мәжілісіне кандидаттар бастаған «Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы Шымкент қаласының маңындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Шымкент Кашемир» жүн өңдеу зауытына барды. Кездесу барысында кәсіпорын басшысы Шағанбек Кәрібайұлы «Ауыл» партиясы ұсынған мәселелерді, яғни зауыт құрылған сәттен бастап қол байлау болған және жобалық қуатын толық пайдалануға мүмкіндік бермей отырған тетіктерді реттеуді көздейтінін айтты. Атап айтқанда, ауылдықтардың АӨК субъектілерін ҚҚС-тан босату жөніндегі ұсыныстары жұқа және жартылай жұқа жүн сатып алу процесін көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстанда өндірілетін қой жүнінің 70 пайыздан астамын жеке тұлғалар сатып алады және Қытайға жуылған күйінде, бірақ терең өңдеусіз жібереді. Яғни, қосылған құнсыз! Зауыт ҚҚС салушысы болып табылатындықтан және салық бойынша міндеттемелері бар болғандықтан, дайындау кезінде сатып алудың бірегей бағасын белгілей алмайды. «Шымкент Кашемир» ЖШС жұмыскерлерін партияның коммуналдық қызметтерге, бірінші кезекте, өндірістік сектордың кәсіпкерлері үшін электр энергиясына тарифтерді субсидиялау жүйесін енгізу жөніндегі бастамасы ерекше қуантты. Өйткені, мұндай шара зауытқа шығындарды едәуір үнемдеуге және үнемделген қаржыны жалақыны көтеруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, «Ауыл» партиясының өкілдері сайлауалды бағдарламасын түсіндіре отырып, «Шымкент Кашемир» зауытына ғана емес, сонымен қатар жеке ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алатын барлық өңдеушілерге де ҚҚС қиындық туындататынын айтты.