Нұр-Сұлтанда өткен кибер оқу-жаттығудың сайлауға қатысы бар ма – министрлік жауабы

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Нұр-Сұлтанда демалыс күні өткен кибер оқу-жаттығулардың 2021 жылдың 10  қаңтарына белгіленген Мәжіліс депутаттарының сайлауына еш қатысы жоқ екенін айтты.

«Сертификат Интернет қолжетімді болуы үшін қажет. Техникалық жағынан мұны басқаша жасау мүмкін емес. Былтыр сертификатты қолдануға қатысты алғашқы жаттығуларды өткіздік, белгілі бір қорытынды жасадық. Биыл үлкен кибержаттығулар аясында бір тәулік ішінде сынап көрдік. Естеріңізде болса, былтыр бұл тест Нұр-Сұлтанда екі аптаға созылған болатын. Бұл оқу-жаттығулар жыл соңына дейін созылды. Жыл соңына қарай Қазақстанда сайлау 10 қаңтарда өткізілетіні белгілі болды. Біз жаттығуды жоспарлаған кезде сайлау болатын күн туралы білмедік. Мұның сайлауға ешқандай қатысы жоқ», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіқалықов.

 

Back to top button