Бразилияда өткен Олимпиада ойындарында жақсы өнер көрсеткен Алматы облысының спортшыларына бүгін Талдықорған қаласында құрмет көрсетілді.
Жиын барысында Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов Рио-де Жанейро қаласында өткен жазғы ХХХІ Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қола медальді жеңіп алған Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Карина Горичеваға 10 млн теңге ақшалай сыйлық табыс етті.
«Сонымен қатар Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан бесінші орынды иеленген Маргарита Елисеева 3 млн теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Айта кетер жәйт, екі ауыр атлетшінің жеке бапкерлері – Сергей Седов пен Пак Николайға да ақшалай сыйлықтар табысталды», – дейді Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Айдар Карбозұлы.
Алматы облысы жүлдегерлерге құрмет көрсетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады,...
Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы...
Бас прокуратура үндеу жариялады
Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге шақырып жатыр. Осыған...