Ресейлік ғалым COVID-19 вирусын таратушы ең қауіпті адамдар тобын атады

Ресейлік ғалым медицина ғылымдарының докторы, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Николай Дурманов COVID-19 вирусын таратушы ең қауіпті адамдар тобын атады. Бұл жөнінде Lenta.ru хабарлады.

Ғалымның айтуынша, коронавируспен ауыратын адамның вирусты таратуы оның бойында ауру симптомының болу немесе болмауына байланысты емес. Негізгі қауіп – адамнан қоршаған ортаға таралатын вирус мөлшері. Ең жұқпалы адамдар – бұл ағзасы вирустың белсенді түрде көбейтетіндер. Дәрігердің айтуынша, адамның вирустың супер-таратушы екенін тек тесттің көмегімен білуге болады. Алайда, сіз барлық сау адамдарды тексеруге мәжбүр боласыз және бұл мүмкін емес. Сондықтан, басты қорғаныс  – тек симптомды науқастармен ғана емес, барлық адамдармен байланысқан кезде сақтық шараларын ұстану қажет. Маска мен қолғап COVID-19-дың таралуын айтарлықтай азайтады.

Бұған дейін Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, профессор, медицина ғылымдарының докторы, пульмонолог Александр Карабиненко коронавирустың ең қауіпті дистрибьюторлары – бұл COVID-19-мен ауырғандар және одан кейін медициналық маска киюден бас тартатындар деп айтқан болатын. Оның айтуынша, вирус маскасыз жүрген адамдарды инфекциядан құтқармайды. Олар коронавирусты еш кедергісіз таратады және жұқтырады.

Back to top button