«Көпшілік алдында атып тастады»: Карантин тәртібін бұзған азамат өлім жазасына кесілді

Солтүстік Корея билігі коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында енгізілген карантиндік шектеулерді бұзған ел тұрғынын көпшіліктің алдында жазалады. Бұл туралы Radio Free Asia өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

«Қарашаның соңынан бастап Корея жұмысшы партиясының Орталық комитеті төтенше карантиндік шараларды «өте жоғары деңгейдегі төтенше карантиндік шараларға» дейін күшейтті», – дейді Қытаймен шекарадағы Солтүстік Пхёнан провинциясының тұрғыны.

«Олар шекара маңындағы тұрғындарды қорқыту үшін жұрт алдында көпшіліктің алдында ату жазасын орындады.  Өйткені шекараның арғы жағындағы адамдармен байланыс артқан, контрабанда да көбейген», – дейді дереккөз. Ату жазасына кесілген азамат – 50 жас шамасындағы ер адам, ол шекара арқылы қытайлық әріптестерімен бірлесіп контрабанда жасағаны үшін айыпталды.

Қытай – Солтүстік Кореяның ірі сауда серіктесі. Алайда екі ел арасындағы алыс-беріс пандемия салдарынан 75 пайызға құлдырады. Контрабандашылар елге вирус алып кіреді деген қауіппен Солтүстік Корея билігі шекарада әскерилерінің санын көбейтіп, шектеулерді қатаңдатты.

Back to top button