Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Синоптиктер 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, фронттардың әсерінен республиканың кей жерінде қар жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (көбіне қар түрінде) болады. Еліміздің батысында ғана күн ашық, жауын-шашын жаумайды. Кей жерде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстікте көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз боран соғады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріледі. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерінде көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, боран соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында желдің күші – 15-20 м/с. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі. Манғыстау облысының кей жерінде жолда көктайғақ болады. Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз білінеді.