Әлемде тағы бір жұмбақ монолит табылды

Әлемде тағы бір жұмбақ монолит табылды

Әлемде тағы бір жұмбақ монолит табылды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Калифорния штатының Атаскадеро қаласындағы Уайт-Маунтин-Пик тауында жұмбақ монолит пайда болды. Жергілікті тұрғындар онымен түскен суреттерін Instagram желісіне жүктеді, деп жазады Life.ru. Ұзын металл тіктөртбұрыш бұған дейін Юта штатынан және Румыниядан табылған нысандарға ұқсас. Atascadero News басылымының хабарлауынга, үш қырлы нысан тот баспайтын болаттан жасалған болуы мүмкін. Оның биіктігі – үш метр, ені – 46 сантиметр шамасында, ал салмағы – 90 келіге жуық. Айта кетейік, 24 қарашада АҚШ-тық Юта штатында беймәлім металл монолит табылған еді. Оның сыртқы көрінісі түрлі талас-тартыс туғызды. Кейінірек румыниядан да осыған ұқсас монолит табылды.