Францияның бұрынғы президенті қайтыс болды

Францияның бұрынғы президенті қайтыс болды

Францияның бұрынғы президенті қайтыс болды
ашық дереккөзі
302
Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен 94 жасында өмірден өтті. Бұл туралы елдің «Europe 1» радиостанциясы хабарлады. Саясаткер коронавирустың асқынуынан көз жұмған. Бұл туралы оның отбасы мәлімдеді. Қыркүйек айында экс-президент Париждегі Жорж Помпиду ауруханасына өкпе қабынуымен түскен. Алайда ол кезде дәрігерлер Жискар д'Эстеннің коронавирус жұқтырмағанын айтқан. Бірнеше күннен соң ол ауруханадан шықты. Саясаткер қараша айының ортасында тағы да ауруханаға түседі.  Дәрігерлер оған жүрек жетіспеушілігі диагнозын қойған. Валери Жискар д’Эстен Францияны 1974-1981 жылдар аралығында басқарған. Одан кейін мемлекет тізгінін Франсуа Миттеран ұстады.

Серіктес жаңалықтары