Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден елде жыл соңына дейін коронавирустан тағы 250 мың адам көз жұматынын болжады, деп хабарлайды РИА Новости. Байден бұл болжамын АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының келер жылдың ақпанына дейін мемлекетте COVID-19 -дан 450 мыңға жуық науқас көз жұмуы мүмкін деген ақпаратынан кейін жариялады. Айта кетейік, 2 желтоқсанда АҚШ-тың Жедел жәрдем қауымдастығы елдің жедел медициналық көмек көрсету жүйесі құрдымға кетудің аз-алдында тұрғанын мәлімдеді. Қауымдастық хабарламасына сүйенсек, қосымша көмексіз тығырықтан шығу мүмкін емес, жежел жәрдем қызметкерлеріне жалпы сомасы 2,62 млрд доллар қажет. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 14 миллионға жуықтады. Елде індеттен 273 мыңнан астам науқас көз жұмды.
Жүктелуде...