Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?
ашық дереккөзі
Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны тоқтату үшін әлемдік қауымдастық жетпіс жылдан аса уақыттан бері күш салып келеді, бірақ әлі адам саудасы тыйылар емес. 1949 жылдың 2 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам саудасымен және жезөкшелікпен күрес жөніндегі конвенциясын қабылдады. Бұл бұрынғыдай тек адамдарды ауыр жұмысқа пайдалану ғана емес, балалар мен әйелдерді де құлдықта ұстап, жезөкшелікке пайдалану секілді қылмыстың шектен тыс көбейгенін көрсетеді. Бүгінде жыл сайын 700 мың адам құлдық қамытын кисе, оның көбі балалар мен әйелдер екен. Себебі дәл қазір әлемде  құлдықта өмір сүретін 40 миллионнан аса адамның 71 пайызын әйелдер иелейді. Бүгін халықаралық құлдыққа күрес күнінде БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл жайында: «Кедей немесе маргиналданған топтар, әсіресе нәсілдік және этникалық аз топтар, байырғы халықтардың өкілдері мен мигранттар құлдықтың заманауи түрлерінен зардап шегіп келеді», – деп мәлімдеді.