Әдетте коронавирусқа шалдыққан науқастар алғашқы аптада індетті жеңіл немесе орташа жағдайда өткереді. Ал аурудың асқынуы, нақтырақ айтқанда Цитокин дауылы 9-10-күні басталады. Бұл туралы lb.ua-ға берген сұхбатында харьковтық дәрігер Андрей Пеньков айтты. «Цитокин дауылы алғашқы апта өткеннен кейін басталады – науқасты ауруханаға дәл осы мерзімде жатқызу керек. Аурудың 9-10-күні демікпе басталып, жедел респираторды дистресс-синдром басталады. Бұл бактериалды процестер емес, иммундық жүйенің гиперреакциясы», - дейді дәрігер. Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ғалымдары коронавирус індетінің жаңа қауіпті симптомын анықтаған болатын. Зерттеу қорытындысы бойынша 10 адамның 8-інен неврологиялық ауытқулар, атап айтқанда энцефалопатия анықталған. Энцефалопатия – тіндердің өзгеруі арқылы ми функцияларының бұзылуына соқтыруы мүмкін мидың ауруы. Ғалымдардың сөзінше, бұл дерт коронавирустың ең ауыр неврологиялық көрінісі.
Жүктелуде...