"Денесі құрысып қалады". Дәрігерлер ұшақта жағдайы нашарлаған бала туралы айтты

"Денесі құрысып қалады". Дәрігерлер ұшақта жағдайы нашарлаған бала туралы айтты

"Денесі құрысып қалады". Дәрігерлер ұшақта жағдайы нашарлаған бала туралы айтты
ашық дереккөзі

Ұшақ бортында өзін нашар сезінген бала өте ауыр хәлде жатыр. Дәрігерлер сәбиді бірден жасанды тыныс алдырту аппаратына қосты. Бұл туралы Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Жедел жәрдем бригадасы сәбиді тез арада Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізді. Кезекші реаниматолог қабылдау бөлмесінде пациентті қарап шыққан соң, ол анестезиология және интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер балаға "өткір екіжақты пневмония, ауыр түрі" деген диагноз қойды", - делінген хабарламада. Алты айға да толмаған сәби ауруханаға өте ауыр хәлде түскен. Дәрігерлер оны жасанды тыныс алдырту аппаратына қосты. "Жүргізіліп жатқан реанимациялық шараларға қарамастан бала хәл үстінде жатыр, жағдайы тұрақсыз, денесі құрысып қалады", - деп толықтырды баспасөз қызметінен. Еске салсақ, Стамбұлға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды. Бортта сәбидің жағдайы нашарлап кеткен.