"Наполидің" стадионы Марадонаның есімімен аталатын болды

"Наполидің" стадионы Марадонаның есімімен аталатын болды

"Наполидің" стадионы Марадонаның есімімен аталатын болды
ашық дереккөзі
Неаполь мэрі Луиджи де Маджистрис «Наполи» клубының Сан-Паоло стадионына команданың бұрынғы ойыншысы, даңқты спортшы, марқұм Диего Марадонаның есімі берілетінін мәлімдеді, деп жазады korrespondent.net. «Тамаша идеялар көп болды, бірақ соңында «Диего Армандо Марадона стадионы»деген атауға тоқтадық», - деп жазды Маджистрис Instagram парақшасында. Марадона неаполитандық клуб сапында 1984 жылдан 1991 жылға дейін ойнаған. Осы уақыт аралығында футболшы «Наполимен» бірге Италияның екі дүркін чемпионы атанды (1986/87, 1989/90), ел кубогы мен суперкубогын жеңді, сондай ақ, УЕФА кубогын қанжығаға байлады. Еске сала кетсек, бұдан бұрын Аргентина билігі Диего Марадонаның дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастағанын хабарлағанбыз. Прокуратура дәрігер футболшыны абайсызда өлтіруі мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр.