«Ұшақ бортында баланың халі нашарлаған»: «Ақтау-Ыстанбұл» рейсі әуежайға қайта қонды

«Ұшақ бортында баланың халі нашарлаған»: «Ақтау-Ыстанбұл» рейсі әуежайға қайта қонды

«Ұшақ бортында баланың халі нашарлаған»: «Ақтау-Ыстанбұл» рейсі әуежайға қайта қонды
ашық дереккөзі
«Ақтау-Ыстанбұл» рейсін орындаған ұшақ Ақтау әуежайына қайта қонды. «SCAT» әуекомпаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилова ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бортта болған бала өзін нашар сезінген. Кейін Әуе кемесінің командирі Ақтау әуежайына қайта оралу туралы шешім қабылдаған. «Борт жергілікті уақытпен сағат 23.45-те Ақтау халықаралық әуежайына қонды. Ақтауға оралғаннан кейін жолаушыны дәрігерлер күтіп алды. Рейстің орындалуы барлық қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін Ыстанбұлға бағыт алды», – деді Виктория Старожилова.