Данияр Елеусінов халықаралық рейтингте жоғарылады

Данияр Елеусінов халықаралық рейтингте жоғарылады

Данияр Елеусінов халықаралық рейтингте жоғарылады
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Boxrec.com порталының рейтингінде бірнеше сатыға көтерілді, – деп жазды Sports.kz. Данияр Елеусінов BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 40-ыншы орыннан 27-ге көтерілсе, оның қарсыласы Джулиус Индонго (23-3, 12 КО) 32-ден 60-орынға түсті. Еске сала кетейік, Елеусінов Индонганы екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental чемпионы ваканттық белбеуін иеленді. Коронавирус пандемиясына байланысты Данияр 2020 жылы бір ғана жекпе-жек өткізіп үлгерді. Бұған дейін ол соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында рингке шыққан болатын.