Моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған

Моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған

Моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған
ашық дереккөзі
Таразда моншадан шыққан өрт жапсарлас үйге, дәмхана мен дүкенге дейін жайылған. Кеше Тараз қаласындағы Қойгелді көшедегі жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның шатыры өртенді. «Өрт тұрғын үйдің шатырына тез тарап, содан кейін жанындағы «Санабар» кафесі шатырына және бір-біріне жақын бекітілген «S-marquet» дүкенінің шатырына жайылған. Оқиға туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне 19 сағат 19 минутта түсті. Өрт болған жерге алғашқы есеп тобы бес минутта жетті»,  – делінген хабарламада. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалпы ауданы 500 шаршы метрді шарпыған өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі – монша мұржасының дұрыс орналаспауы.