Халықты тағы алдады: Алматы әкімдігі 63 млн теңгені желге ұшырған (видео)

Халықты тағы алдады: Алматы әкімдігі 63 млн теңгені желге ұшырған (видео)

Халықты тағы алдады: Алматы әкімдігі 63 млн теңгені желге ұшырған (видео)
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімдігі 2020 жылдың 6 шілдесінде Елбасының және елорданың туған күнін мерекелеу мақсатында бюджеттен 63 миллион теңге бөліп, алып шаһарда сәулелі шоу ұйымдастыруды жоспарлайды. Алайда наурыз айында пандемия басталып, бұқараның топтасып жиналуына шектеу қойылғандықтан бұл сәулелі шоу өткізілмеген, бірақ қаражат жаратылғаны туралы АКТ бар. Инстаграм желісіндегі «За нами выехали» парақшасының зерттеуіне сүйенсек, 63 млн теңгеге жоспарланған сәулелі шоудың өткізілгені туралы ешбір жерде ақпарат жоқ. Аталмыш мерекелік шара Алматы қаласының орталығында орналасқан Қазақ-Британ техникалық университетінің ғимараты мен алаңында өткізілуі тиіс болған. Инстаграмдағы almalivekaz парақшасы осы шоудың есебі ретінде кәсіби видеосын жариялаған. Алайда бұл видеода шоудың компьютермен қолдан жасалғанын анық көруге болады. «За нами выехали» командасы 2013 жылы қала күніне орай өткізілген шынайы сәулелі шоудың бейненұсқасы мен almalivekaz жариялаған видеоны салыстыра отырып, биылғы мерекелік шоудың болмағаны туралы қорытындыға келеді. «За нами выехали» командасы Алматы қаласының әкімдігінен бұл мәселені түсіндіруді сұрап, хат жолдаған, алайда, әдеттегідей жауап жоқ. Осылайша қала әкімдігі 63 млн теңгені желге ұшырған әрі онысын құжат жүзінде негіздеп қойған, бұл шараның өткізілгені туралы АКТ бар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ЗаНамиУжеВыехали (@zanamiviehali)