Батыс Қазақстан облысында мұз жарылып, көлік суға батты (видео)

Батыс Қазақстан облысында мұз жарылып, көлік суға батты (видео)

Батыс Қазақстан облысында мұз жарылып, көлік суға батты (видео)
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысына қарасты Бәйтерек ауданы Макарово ауылының маңындағы өзенге Audi автокөлігі батып кеткен, деп хабарлайды «Мой город» порталы.  width= БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Макарово ауылының 45 жасар тұрғыны Audi автокөлігін тау баурайына тұраққа қойып, мұздың қалыңдығын тексеру үшін өзенге беттеген. Көлік иесі мұзды тексергенше, Audi автокөлігі ылдидан өзенге қарай төмен сырғып, нәтижесінде суға батып кеткен. Әлеуметтік желілерде Макарово ауылы тұрғындарының ауылдастарының көлікті өзеннен шығарып алуға көмектескені туралы видео таралып жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=WAQcJDEI40o&feature=emb_logo