Зейнетақы қоры ескертеді: есепшотыңызды тексеріңіз

Зейнетақы қоры ескертеді: есепшотыңызды тексеріңіз

Зейнетақы қоры ескертеді: есепшотыңызды тексеріңіз
ашық дереккөзі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға жеке зейнетақы шотының жай-күйін бақылап отыру керегін ескертеді. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңселеріне тікелей келіп, сондай-ақ, дәстүрлі пошта арқылы үзінді көшірме алу және электрондық тәсілдерді пайдалана отырып білуге болады. Қазіргі кезде жеке зейнетақы шот туралы ақпарат алудың ең танымал тәсілі – интернет байланысы. Оны 6,6 млн-нан астам ЖЗШ иелері таңдады. Бұл ретте салымшылар мен алушылар 5 762 454 шот туралы enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ENPF ұялы қосымшасы арқылы қалаған уақытында, әлемнің кез келген түкпірінен біле алады. Осындай хабарлау тәсілін таңдағандар саны бір жылда 225 125 адамға артты. БЖЗҚ-ға берілген электрондық пошта мекенжайына жіберілетін үзінді көшірмені 853 954 адам алады. Ол шот иесіне өзі таңдаған кесте бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын келіп тұрады. Жеке зейнетақы туралы көшірмені дәстүрлі пошта арқылы алу тәсілін әлі күнге дейін 1 297 726 адам қолданады. БЖЗҚ жеке зейнетақы шотын кез келген ыңғайлы тәсілмен үнемі қадағалап отыру қажетін ескертеді. Ол шотыңыздың үнемі толығып отыратынына көзіңізді жеткізіп, болашақ зейнетақыңызды жоспарлауда сенімді болуға мүмкіндік береді.