Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында: «Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады. Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған», – деп жазды.

Сонымен қатар Президент «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барады.

Back to top button