Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий мен елшісі Петр Врублевский Қазақстанға коронавирусқа шалдықпағаны туралы жалған анықтамамен келген. Бұл туралы «Комсомольская правда Казахстан» жазды. Украиналық шенеуніктер Киевтен Нұр-Сұлтан қаласына Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминмен және басқа да министрлермен кездесуге келген. Жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу үшін регламент бойынша шетелдік қонақтардан міндетті түрде коронавирус індетіне шалдықпағаны туралы ПТР-анықтама талап етіледі. «Криклий и Врублевскийдің мұндай анықтамасы болған. Алайда Қазақстан премьер-министрінің протоколы екі министрдің де (елші министр дәрежесіне ие) анықтама қағазы жалған екенін анықтаған. Бұдан кейін кездесу өткізілмейтін болды» деп жазады басылым. Басылымның хабарлауынша, бұл келеңсіз жағдайдан кейін Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль қарамағындағы шенеуніктердің әрекеті үшін Асқар Маминнен кешірім сұраған. Фотода Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий мен елшісі Петр Врублевский © Sputnik.
Жүктелуде...