"Ғажайып коктейль": АҚШ дәрігерлері коронавирусты Трамп әдісімен емдеуге көшті

"Ғажайып коктейль": АҚШ дәрігерлері коронавирусты Трамп әдісімен емдеуге көшті

"Ғажайып коктейль": АҚШ дәрігерлері коронавирусты Трамп әдісімен емдеуге көшті
ашық дереккөзі
АҚШ-тың азық-түлік өнімдерінің сапасын санитарлық бақылау басқармасы (FDA) коронавирус жұқтырған науқастарға дерті асқынған жағдайда антиденелер жиынтығы - REGN-COV2-ні егуге рұқсат етті. Regeneron Pharmaceuticals компаниясы әзірлеген бұл «коктейль» АҚШ көшбасшысы Дональд Трампты емдеу кезінде қолданылып, өз тиімділігін көрсеткен, деп жазады Life.ru. — Клиникалық зерттеу нәтижесінде casirivimab мен imdevimab бірге егілген жағдайда коронавирустың асқыну қаупі жоғары науқастардың ауруханаға түсуін азайтады.  Бұл тәжірибелік терапияның қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі бақылануда, — делінген FDА сайтында. Антиденелер «коктейлін» коронавирустың жеңіл түрінен қалыпты түріне дейінгі сатыдағы науқастарға, 12 жастан асқан балаларға және салмағы 40 келіден асатын, созылмалы аурулары бар азаматтарға егуге рұқсат етіліп отыр. Алайда препаратты өкпені жасанды желдету аппараттарында жатқан науқастарға қолдануға болмайды, өйткені олардың жағдайдың ушығып кетуі мүмкін.