Дәмханадағы жарылыс: зардап шеккендер саны 33 адамға жетті

Елордада дәмханадағы жарылыс салдарынан 33 адам зардап шекті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдеді.

«Шұбар ауданында газ баллонының жарылуы салдарынан 33 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алған олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен қала ауруханаларына жеткізілді. Бейінді мамандар, медицина қызметкерлері зардап шегушілерге толықтай медициналық көмек көрсетуде», – делінген басқарма хабарламасында.

Басқарма мәліметінше, оқиға орнында 3 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Барлығы 22 бригада жұмылдырылған.

Back to top button