Сан-Франциско кітапханасында қазақ әдебиеті бөлімі ашылды

Сан-Франциско кітапханасында қазақ әдебиеті бөлімі ашылды

Еліміз туралы материалдар енді Сан-Франциско қаласындағы Бас қоғамдық кітапханада кең көлемде ұсынылатын болады. Жылына 1 миллионнан астам оқырманға қызмет көрсететін кітапхананың негізі 1878 жылы қаланған. Бүгінде кітапхананың кітап қоры 4 миллионнан астам.

Кітапханаға тарихи және ғылыми-танымдық әдебиетпен қазақ ақындары, жазушылары мен зерттеушілерінің шығармалары, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген 400-ге жуық кітап табыс етілді. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Олжас Сүлейменов және т.б. туындылары бар. Бастама авторларының пікірінше, кітапханада осындай бөлімнің ашылуы және Абай Құнанбайұлы шығармаларының кеңірек таратылуы Америка оқырмандарының қазақ халқының бай мәдениетіне шынайы қызығушылығының өсуіне септігін тигізеді.

Back to top button