Нұр-Сұлтанда сауда-ойын-сауық орталықтары сенбі күні де жұмыс істейтін болды

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның жаңа қаулысы жарияланды.

Жаңа қаулыға сәйкес сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ұйымдастырылатын болады. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады.

Аталған Қаулы 2020 жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.

Back to top button