Алматы – «ақылды» қала

Алматы еліміздегі «ақылды» қалалардың рейтингісінде көш бастап тұр. Алматы әкімдігінің АТ-архитектурасын әзірлеу барысында ақпараттық жүйелерді түгендеу, ағымдағы ахуалды талдау жұмыстары жүргізілді және одан әрі даму басымдықтары айқындалды.

«2020 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша Алматы қаласы еліміздің барлық өңірлері арасында «ақылды» қалалар рейтингінде бірінші орынға ие болды. Бұл рейтингті ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган «ақылды» қалалардың эталондық стандарты негізінде жүргізеді. Бұл стандарт қала тіршілігінің 11 бағыты бойынша 100-ден астам жобаны қамтиды», – деп атап өтті Цифрландыру басқармасының басшысы Б.Қоңырбаев.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер түрлерінің 90%-ы электронды жүйеге көшкен. Атап айтар болсақ, balabaqsha.open-almaty.kz, bilimalmaty.kz ақпараттық жүйесі, «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесі, «InfoLab» АЖ, Автоматты диспетчерлік ақпараттық жүйесі, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы.

«Егер сізде қызықты қосымша немесе жаңа ақпараттық жүйені құру идеялары болса, оларды порталға орналастыра аласыз. Егер сіздердің ұсыныстарыңыз қызықты болса, біз оларды жүзеге асыруға көмектесеміз», – деді Б.Қоңырбаев.

Back to top button