Самоада коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

Самоада коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

Самоада коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді
ашық дереккөзі
Осы күнге дейін коронавирус таралмаған мемлекеттердің бірі болған Самоада вирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, деп хабарлайды Samoa Observer.  Вирус жұқтырған алғашқы адам - Жаңа Зеландияның Окленд қаласынан Самоаға келген теңізші. Бұл туралы елдің премьер-министрі Туилаэпа Саилеле Малиелегаои мәлімдеді. Теңізші міндетті карантинге жатқызылған және оның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта науқас оқшауланып, ем қабылдауда. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 56 247 982-ге жетті. Індеттен 1,3 миллионнан астам науқас қайтыс болды.