Берлинде 10 мыңға жуық адам алаңға шығып, локдаунның тоқтатылуын талап етті

Германия астанасында карантиндік шектеулерге қарсы болған 10 мыңға жуық адам алаңға шықты, деп хабарлайды DW.

Наразылық акциясына шыққандар коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеулерге, сондай-ақ вакцинациялауға қарсылықтарын жеткізді. Алаңға шығушыларлың тәртібін бақылауға 2 мыңға жуық полиция тартылды.

Ереуілге шыққандардың көпшілігі карантин талаптарын өрескел бұзған. Бетперде тағу, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау секілді сақтық шараларын орындамаған. Полиция ескерту жасағанымен, алаңға шыққандар нұсқаулыққа бағынғысы келмеді. Полиция наразы топты тарату үшін су шашуға және көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, Германияда 2 қарашадан бастап локдаун енгізілді.  Елдегі барлық демалу орындары, мейрамханалар, кафелер және қызмет көрсету саласындағы көптеген компаниялардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар ел тұрғындарына өз үйінен тыс әлеуметтік байланыстарды «абсолютті минимумға дейін» шектеуге нұсқау берілді.

Back to top button