Түркістандық кәсіпкер «Nur Otan» пікірсайысында Мәжіліс депутатын басып озды

Сондай-ақ!

“Әлем ханымы” байқауында Қайрат Нұртастың әйелі көш бастап келеді

Онлайн дауыс берудің үшінші күні “Әлем ханымы-2020” байқауына қатысушылар арасында Жұлдыз Абдукаримова көш бастады. ⠀ Бұл байқауға Қазақстан атынан тағы бір отандасымыз, 32 жастағы Аяна Сұлтанбекова...

Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

4 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. 4 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде...

Қайырымдылықпен айналысушылардың 71 пайызы – қарапайым халық

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениеттің бір бөлігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Еріктілер жылына орай ұйымдастырылған бұл...

Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті. Олардың айтуынша, белгісіз біреу бірінші қабатта қабырғада ілініп тұрған...

Облыстық конференциялар барысында Мәжіліске Nur Otan-ның партиялық тізіміне тағы 5 өңірден үміткерлер анықталды. Сондай-ақ тиісті облыстық сайлауалды бағдарламалары бекітіліп, партияның XX Съезіне қатысу үшін делегаттар сайланды.
Партия Орталық аппаратының баспасөз қызметі хабарлағандай, пікірсайыс қорытындысы бойынша облыстың өкілдік квотасына сәйкес, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан партиялық тізімге 24 адам енгізілді.

Түркістандық кәсіпкер "Nur Otan" пікірсайысында Мәжіліс депутатын басып озды

Мәселен, Түркістан облысында 7 орындық квотаға 23 адам үміткер болды. Нәтижесінде кәсіпкер Қайнар Абасов ең көп – 127 дауыс жинады. Ол 120 дауысқа ие болған Мәжілістің қызметтегі депутаты Құдайберген Ержанды басып озды. Сонымен бірге, дауыс беру қорытындысы бойынша тізімге бизнес өкілі Сырым Ертаев, мәдениет саласының өкілі Мөлдір Бақытжанова, мемлекеттік қызметші Гүлжан Құрманбекова, жеке сектор өкілі Хайрулла Қожабаев және медицина қызметкері Ұлжанат Жұрымбетова енді.

Шығыс Қазақстан облысында пікірсайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды кәсіпкер Лұқбек Тұмашинов иеленді. Л.Тұмашиновтан 4 дауыс аз жинаған денсаулық сақтау саласының өкілі Зарина Қамасова екінші орында. Ал үшінші орында – партияның Курчатов қалалық филиалының төрағасы Алексей Глазинский. Бұдан басқа тізімге Риддер қалалық мәслихатының хатшысы Игорь Панченко, жеке сектор өкілі Марина Быкова және білім беру саласы өкілі Азат Сарпеков енді.

Түркістандық кәсіпкер "Nur Otan" пікірсайысында Мәжіліс депутатын басып озды

Ақтөбе облысында өткен пікірсайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Грек-рим, еркін және әйелдер күресі аймақтық федерациясының басшысы Рахат Сыдықов иеленді. Одан кейінгі орынға 96 дауыспен мемлекеттік қызметші Аманғали Бердалин жайғасты. Сондай-ақ, тізімге денсаулық сақтау саласының өкілі Ғалымжан Елеуов пен жасотандық Асылжан Бүркіталин кірді.

Қостанай облысында пікірсайыс қорытындысы бойынша тізімге енгендер: кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Екатерина Смышляева, жеке сектор өкілдері Самат Ақышев пен Қырмызы Жаңбыршина және Адиля Агайсина.

Батыс Қазақстан облысында 15 үміткер бақ сынады. Нәтижесінде партияластарының ең көп қолдауына ие болған облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдері Жаңабек Жақсығалиев пен Сабира Сүндетова үздік үштікке кірді.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжілістің партиялық тізіміне елорда, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Қызылорда және Қарағанды облыстарынан кандидаттар сайланған болатын. Қорытынды тізім 25 қарашада партияның XX Съезінде бекітіледі.
Бұған дейін барлық деңгейдегі 216 мәслихатқа 6253 адамнан тұратын партиялық тізімдер жасалғаны айтылған болатын.

Әйелдердің үлес саны 22-ден 34%-ке дейін, жастар – 3,5 есе, 7-ден 24%-ке дейін артты. Қазіргі қызмет етіп отырған мәслихаттардың құрамымен салыстырғанда орташа жасы 7 жасқа – 51-ден 44-ке дейін жасарды.

Партиялық тізімдердің 24%-ін қызметтегі депутаттар құрайды, ал 76%-і – жаңа тұлғалар. Сонымен қатар партия қатарына 42 мыңнан астам жаңа мүше қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-шісі «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енді.

Электронды дауыс берудің нәтижелерін және кандидаттар тізімін primaries.kz. сайтынан қарауға болады.

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары толығымен ақталады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі мемлекеттік...

“Әлем ханымы” байқауында Қайрат Нұртастың әйелі көш бастап келеді

Онлайн дауыс берудің үшінші күні “Әлем ханымы-2020” байқауына қатысушылар арасында Жұлдыз Абдукаримова...

Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

4 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан...

Қайырымдылықпен айналысушылардың 71 пайызы – қарапайым халық

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер –...

Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...