Ақтөбе облысының Хромтау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, газ баллон жарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Оқыс оқиға туралы хабарлама Ақтөбе облысы ТЖД кезекші- диспетчерлік қызметіне бүгін сағат 11.36-да түскен. Хромтау ауданы өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 2 техникасы оқиға орнына дереу жетті. "Оқиға салдарынан кезінде 9 адам зардап шекті. Оның ішінде 3 бала – 6,7 жастағы және жаңа туған сәби бар, балаларды күйік шалмаған. Олар қазір Хромтау қаласының орталық ауруханасында жатыр", - деп нақтылады Т.Уәли. Өрт жалпы 90 шаршы метр жерді шарпыған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 12.29-да өрт толықтай сөндірілді.
Жүктелуде...