Ниязымбетов – финалда

Ниязымбетов – финалда

Ниязымбетов – финалда
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио-де-Жанейро Олимпиадасының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің жартылай финалында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық Ұлыбританиядан келген Джошуа Буатсимен кездесті. Бірінші раундта қазылар басымдықты Ниязымбетовке берді. Екінші раундта Джошуа белсенді түрде шабуыл жасай бастады, бірақ Ниязымбетов сауатты қорғанып, соққыларын дөп тигізді, осылайша басымдығын нығайта түсті. Қорытынды кезеңде ағылшын боксшысы ұпайлар саны бойынша айырмашылықты қысқартты.  Финалда Ниязымбетов әлемнің үш дүркін чемпионы Хулио Сесар Ла Круспен кездеседі. Жекпе-жек 19 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 00.30-ға белгіленген. Оны тікелей эфирде "Хабар" арнасы көрсетеді.